10.06.2022, 12:14
Оқылды: 28

Ақтөбеде оқушының түрлі жарақаты бар денесі табылды

Ақтөбеде 12 жастағы баланың денесі табылды. Болжам бойынша оны ит талап тастаған. Оқиға Ақтөбе қаласындағы Есет батыр тұрғын үй алабында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

EB511A84-DCC4-490C-AC81-6C9EA43D1B65

Оқиға 9 маусым күні болды. Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Есет батыр тұрғын үй алабының №3 шағын ауданы аумағында орналасқан құрылыс нысандарының аумағында 12 жастағы баланың денесі табылды.

«Кәмелет жасқа толмаған баланың көп қан жоғалту, бастың, дененің, қол мен аяқтың көптеген жарақаттары түріндегі зорлықпен өлу белгілері бар мәйтінің табылу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Алдын ала болжам бойынша өлімнің себебі жануардың тістеуінен болуы мүмкін. Аталған факті бойынша бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов осы оқиғаға қатысты ақпарат берді. «Болған жағдайға байланысты ата-анасына барып, көңілін сұрап келіп отырмыз. Есет батыр тұрғын үй алабы үшінші шағын ауданда орналасқан. Кеше баланың денесі табылды.

Қазіргі кезде облыстық ПД тергеу жүргізіп жатыр. Сот-медициналық және гистологиялық сараптама жасалып жатыр. Бұл 10-15 күнге созылады. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен облыстық ПД бастығы істі бақылауға алды», - деді облыс әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласы Алматы ауданы Есет батыр тұрғын үй алабы бойынша биыл итке қатысты 14 хабарлама түскен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале