13.06.2022, 18:53
Оқылды: 50

"Демалып жатқан жерінен шақырып алған": Павлодардағы әскери бөлімде сарбаз қайтыс болды

Кеше Павлодардағы 6679 әскери бөлімінде келісімшартпен қызмет атқарған Айбек Тұрсымбаев есімді сарбаз мерт болды, деп хабарлады Ulysmedia.kz редакциясына марқұмның туысы.

6666
“Қайырлы күн! Кеше Павлодардағы 6679 әскери бөлімінде келісімшартпен қызмет атқарып жүрген 32 жастағы сарбаз қайтыс болды. Бір қызығы ол демалыста жүрген. Демалып жатқан жерінен КАМАЗ жөндеуге шақырып алған. КАМАЗ-дың дөңгелегін үрлеп жатқанда, дөңгелек жарылып, сарбаздың басын жұлып әкеткен”, - деп хабарлады аты-жөнін атамауды сұраған сарбазлың туысы.

Қайтыс болған жігіттің соңында әйелі мен қызы қалды. Әйелінің екінші балаға аяғы ауыр (8 ай).

“Осындай заңсыз әрі қайғылы жағдай жабулы күйінде қалмаса екен”, - деп өтінді хабарласқан кісі.

ulysmedia.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале