14.06.2022, 18:00
Оқылды: 40

Биыл дүниеге келген сәбилер саны былтырғыдан 7,6 пайызға аз

Ұлттық статистика бюросы биылғы қаңтар-сәуірдегі демографиялық ахуал туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220614125342684e

1 мамырда еліміздегі халық саны 19 199,8 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар – 11 442,9 мың (59,6%), ауылдықтар – 7 756,9 мың адам (40,4%).

2021 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 236,9 мың адамға немесе 1,2% өсті.

Ерлердің үлесі - 48,6%, әйелдер - 51,4%.

«Қаңтар-сәуірде республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда (88 мың адам) 9,8% кеміп, 79,3 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда - 12,54 адам. АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбасындағы мәліметті өңдеу нәтижесінде 2022 жылғы қаңтар-сәуірде туғандар саны 127 мың адамды құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-сәуірге (137,4 мың адам) қарағанда 7,6% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға - 20,08 жағдай» делінген хабарламада.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 47,7 мың адамды құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-сәуірге (49,5 мың адам) қарағанда 3,6% аз.

Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті - 1000 адамға 7,54 қайтыс болған.

2022 жылғы қаңтар-сәуірде республикада 1 жасқа дейін 1 113 сәби шетінеген.

2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (1109 шетінеген нәресте) 0,4% артты. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 жаңа туған сәбиге шаққанда - 8,76 оқиға.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале