Ағымдағы жылы Казталов ауданының Бостандық ауылында Сарыөзен үстінен өтетін көпірді жөндеуге және Қосаралға баратын кірме жолды жасауға аудандық бюджет есебінен кезекті сессияда қаражат бөлінген болатын.
Округ əкімі Асланбек Сармалаевтың ұйымдастыруымен жоспарланған жұмыстар іске асып, бюджет қаражаты тиімді игерілуде.
Нəтижелі жұмыстарды "ҚуанҚұрылыс" ЖШС атқарылуда. Бүгінде Қосарал бағытындағы жол көтеріліп, тұрба салынды. Алдағы уақытта көпірдің жөндеу жұмыстары жүзеге аспақ.
"Ауыл айнасы",
Казталов ауданы
zhaikpress.kz