16.06.2022, 15:00
Оқылды: 47

Түркістанда 9-сынып оқушысы сәбилі болды

Түркістанда 9-сынып оқушысы өмірге бала әкелді. Бұл туралы қалалық прокуратура жанындағы ведомствоаралық жиында айтылды.

62aaa1fd55b75406369531

Адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының мәліметінше, ерте жүктілік бойынша есепке алынған оқушы қыз қаңтар айында босанған.

Кәмелетке толмаған ана қазір баласымен бірге Аналар үйінде.  Облыстық білім басқармасы мамандарының дерегінше, оқушының өзі ата-ана қамқорлығынсыз қалған. Ол осыған дейін 75 жастағы кейуананың патронаттық қарауында болған екен. Айы-күні жақындағанға дейін сабағынан қалмаған.

– Оқушы 24 қаңтар күні босанған. Кәмелетке толмаған ана мемлекеттік емтихан да тапсырмақ болған. Некрасов атындағы мектеп ұжымы осы жағдайға байланысты жиын өткізіліп, ұстаздар мен  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, психологтарға ескертілді, – деді Адами әлеуетті дамыту бөлімінің бастығы Оразкүл Қолдасова.

ulysmedia.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале