Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласындағы аумақтық департаменті прокуратурамен бірлесіп The Finiko қаржы пирамидасы филиалының басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде.
Finiko ұйымдастырушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу барысында 300-ден астам адам арыз беріп, шығын көлемі 1,8 млн АҚШ долларын және 630 млн теңгеден астам соманы құраған.
«Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысына сәйкес, The Finiko симулятор болып табылады және қатысушылар бұл бағдарламаны сауда мен инвестициялаудың алаңы деп, ақша салады. Ал компанияның өзі дүниежүзілік қор биржаларында тіркелмеген. Қылмыстық іс бойынша үш адам қамауға алынып, басқа тұлғалардың қатысы анықталуда», - деп жазды Қаржылық мониторинг агенттігінен.
ulysmedia.kz