20.06.2022, 10:43
Оқылды: 63

Жетім балаларды қолдау мақсатында баспана алуға несие беріледі

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ұйымдастырылған брифингте БҚО әкімі Ғали Есқалиев мәлімдеді.

WhatsApp Image 2022-06-20 at 10.30.23

Жетім балаларды тұрғын үймен қамту үшін «Отбасы банк» арқылы төмен пайызбен несие берілетін болады. Ол үшін  жергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлінді. Несие 15-20 жылға беріледі.

WhatsApp Image 2022-06-20 at 10.05.25

- Тұрғын үй кезегінде тұрғандарға жалға берілетін тұрғын үйлер үшін субсидия беріледі. Бүгінде ол бағдарлама бойынша 155 адамның өтініші қанағаттандырылды, - деді өңір басшысы Ғали Есқалиев.

Жалпы БҚО бойынша 2022 жылы 1002 пәтер салынып, тапсырылады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале