Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 54 жағдай тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК сілтеме жасап хабарлайды.
Сурет дерекөзі: ҚазАқпарат
Оның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласында - 8, Алматы қаласында - 38, Шымкент қаласында – 2, Ақмола облысында – 1, Атырау облысында - 1, Жамбыл облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында -1, Қарағанды облысында - 1 адамнан коронавирус анықталды.
Соңғы күндері Қазақстан коронавирус жұқтырғандар санының өсу динамикасы байқалуда. Мысалы, 23 маусымдағы мәлімет бойынша коронавирусты инфекциясын жұқтырған 42 жағдай тіркелсе, оның алдындағы күні Қазақстан бойынша 32 адамнан коронавирус анықталды. Ал 20 маусымдағы мәлімет бойынша тек Нұр-Сұлтан мен Алматыда 12 адам коронавирус жұқтырған.
Жалпы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 306 110 жетті.