24.06.2022, 10:43
Оқылды: 53

Оралда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері беріле бастайды

2004 жылдың ІІ тоқсанында кезекке тұрған азаматтарға шілде айында инженерлік желілері жүргізілген 900-ден астам жер телімдері беріліп бастайды. Бұл туралы Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов халықпен кездесуінде хабарлады.

WhatsApp Image 2022-06-24 at 10.36.30

Бүгінгі күні жер кезегінде 108 502 адам тұр.

–Соңғы рет жер учаскелері 10 жыл бұрын Деркөл кентінен инженерлік желілерді жүргізбей тұрып берілген болатын. Бұл тұрғындар үшін үлкен қиындықтар туғызды.  Осыдан кейін алдымен газ, жарық, су әкеліп, содан кейін ғана үйлерді салу үшін учаскелерді беру туралы шешім қабылданды. Қазір Круглоозерный кентінің егжей-тегжейлі жобалау жоспары толығымен әзірленді. Шілде айында жер телімдерін беруді бастаймыз. Бұл жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтаймыз, – деді  М.Сатқанов.

WhatsApp Image 2022-06-24 at 10.36.31

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале