4.07.2022, 11:00
Оқылды: 37

Қазақстанда таратылатын 9 банктің салымшылары ақшасын алды

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі аяқталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына сілтеме жасап хабарлайды.

пенсионеры деньги

Қордың мәліметіне сәйкес, бір жыл мерзімде таратылатын банктің салымшыларына шамамен 1,6 млрд теңге төленді. Бұл банк бойынша кепілдіктің жалпы сомасының 92% асады. Төлемдердің максималды сомасы 15 млн теңгеге жетті, минималды сомасы – 10 теңгеге дейін болды. Кепілдік берілген өтемді төлеу «Еуразиялық банк» АҚ агент-банкінің бөлімшелерінде де, сондай - ақ онлайн берілген өтініштер бойынша Қор жүргізілді.

Қазіргі таңда салымшылардың БЖЗҚ жеке зейнетақы шоттарына кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомаларын аудару шаралары жүргізіліп отыр. Ақшаны есепке алу ағымдағы жылдың 2 тамызына дейін жүргізіледі.

«Төлем мерзімі асқаннан кейін азаматтар, талап етілмеген сома БЖЗҚ аударылған жағдайда да, өтем алу үшін жүгінуге құқылы болады. Бұл мүмкіндікті белгілі бір себептермен белгіленген мерзімде төлем алуға өтініш бере алмаған салымшылар ғана пайдалана алады. Ол үшін салымшы ҚДКБҚ -дәлелді себептердің бірінің бар екенін растайтын құжаттарды қосымша тапсыру арқылы, жазбаша өтініш беруі қажет, - деді Қордың төрағасы Адиль Утембаев.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Қазақстанда таратылатын тоғыз банк бойынша салымшыларға төлемдерді төлеуді аяқтаған.

Толық ақпаратты 1460 тегін нөмірі бойынша алуға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале