Бұл туралы БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сурет: baigenews.kz
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Батыс Қазақстан облысы «жасыл» аймақта. Жыл басталғалы БҚО-да 9 594 адамнан коронавирус анықталса, оның 4-еуі шілде айында тіркелген. Оның ішінде COVID-19 ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 2 адамда және профилактикалық мақсатта тексерілген 2 адамда анықталған.
Вакцинация кампаниясы басталғалы екпе алуға жататын 414 390 адамның 277 152-і (66,9%) І компонентті алды. Ал 269 346 (65%) адам ІІ компонентпен егілді. Облыста қараша айының аяғынан ревакцинация кампаниясы басталған еді. Дәл қазір 98 472 адам ревакцинациядан өтті. Бұл ревакцинациядан өтуі тиіс 198 514 адамның 49,2%. Қайта ревакцинациялаудан өткендер саны 4 244 адам.
Елімізде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдерді Комирнати (Pfizer, АҚШ) екпесімен вакцинациялауға рұқсат бергені белгілі. Өңірімізде бұл вакцинаның 1-ші компонентімен 18 052, 2-ші компонентімен 16 435 тұрғын егілді.
Облыста вакцинациялау, ревакцинациялау және қайта ревакцинациялау Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген «QazVac», «Vero Cell», «Комирнати» (Phizer, АҚШ) вакциналармен жүргізілуде.
Вакцинациялау алдын ала ақпараттандырылған жазбаша келісіммен, ерікті түрде тегін жүргізіледі.
zhaikpress.kz