7.07.2022, 15:15
Оқылды: 19

Халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында бокстан «Елорда Кубогі» халықаралық турнирі өтті.

d9aae27013de37a4cb396e95339b3cb6_1280x720

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының мәлімдеуінше, биыл алғаш рет ұйымдастырылған турнирге Куба, Жапония, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстаннан барлығы 250  боксшы қатысқан. Олар 25 салмақ дәрежесі бойынша бақтарын сынады.

Байрақты бәсекеде Батыс Қазақстан облысының намысын қорғап жас спортшы Сабит Даниял 51 келі салмақта қола жүлдегер атанды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале