7.07.2022, 15:30
Оқылды: 170

Жас батырды медальмен марапаттады

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде  Елорда күніне орай салтанатты шара өткізілді.

IMG-20220706-WA0003

 Департамент бастығы Ернұр Өтегенов салтанатты жиында сөз сөйлеп, ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ю.Ильиннің атынан «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен Денис Липинді марапаттады.

Еске сала кетейік, Денис Шыңғырлау ауылы маңындағы Елек өзенінде суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарған  еді.

Өз басын қатерге тігіп, бір жанды ажал аузынан алып қалған Дениске төсбелгі таға отырып, батыл әрі дұрыс шешім қабылдағаны үшін алғыс білдірді.

 Нұржан Қуанов,

                                                                                аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің м.у.а

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале