8.07.2022, 16:15
Оқылды: 35

Мәжіліс депутаты - Шыңғырлауда

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар Шыңғырлау ауданына жұмыс сапарымен келді. Халық қалаулысының жұмыс сапары, ең алдымен, аудан орталығындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысының барысымен танысумен басталды.

IMG-20220708-WA0029

Жарты ғасырлық тарихы бар балалар спорт мектебінің ғимаратындағы жөндеу жұмыстарының сапалы жүргізуіне аса мән берді. Одан соң Мәлік Иманқұлұлы әкімдердің жыл сайынғы есептік кездесулерінде жиі көтерілетін көше жолдары мәселесін шешуге бағытталған автокөлік жолдарының жөндеу жұмыстарын қадағалады. Мәлік Құлшар халық игілігіне пайдалануға берілетін жұмыстарды жүргізіп жатқан жауапты мердігерлермен жеке сөйлесіп, сөз барысында әр жұмыстың сапасына үлкен мән беруді тапсырды.

Кейін мәжіліс депутаты «Нұрлы жер»  бағдарламасы аясында ұлттық қордан тиісті қаражат бөлініп, бүгінде аудан орталығында салынып жатқан 3 қабатты 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Әлеуметтік тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арналған тұрғын үйдің құрылысына жауапты мердігер «АқсайСтройСервис және К» ЖШС-нің өкілдерімен кездесіп, жұмыстың уақтылы әрі сапалы жүргізілуін қадағалады.

IMG-20220708-WA0032

Одан соң Мәлік Иманқұлұлының жұмыс сапары Ардақ және Ақтау ауылдарында жалғасты. Қос ауылда да ауыл тұрғындарымен кездесіп, тұрғындардың жеке мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізді. Кездесу барысында мәжіліс депутаты тұрғындарды толғандыратын мәселелерді талқылап, мән-жайына толық қанықты. Кейін Мәлік Құлшар Ардақ ауылында салынып жатқан шағын спорт алаңының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале