11.07.2022, 9:30
Оқылды: 46

Қазақстанда соңғы тәулікте 454 адам коронавирус жұқтырды

Денсаулық сақтау министрлігінің 11 шілдедегі мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда 2 837 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

IMG_20220707_111018

Сурет: ҚазАқпарат

Оның ішінде 291 пациент стационарда, 2 546 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

«Соңғы тәулікте ел аумағында 454 тұрғынның ПТР тесті КВИ-ге оң нәтиже берген. Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 14 адамның жағдайы ауыр», - деп жазды ведомство.

Соңғы тәулікте ауырғандарды тарқатсақ,

Нұр-Сұлтан қаласында - 118,

Алматы қаласында - 200,

Шымкент қаласында – 23,

Ақмола облысында – 7,

Ақтөбе облысында 0,

Алматы облысында - 30,

Атырау облысында - 16,

Шығыс Қазақстан облысында - 3,

Жамбыл облысында - 17,

Батыс Қазақстан облысында - 1,

Қарағанды облысында - 11,

Қостанай облысында - 3,

Қызылорда облысында - 12,

Маңғыстау облысында - 2,

Павлодар облысында - 5,

Солтүстік Қазақстан облысында - 3,

Түркістан облысында - 3.

Айта кетейік, осымен елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 309 888 адамға жетті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале