Батыс Қазақстан облысында 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Осыған байланысты облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ескерте кетейік, халыққа сақтық шараларын сақтау қажет. Мүмкіндігінше қатты ыстықта көшеге шықпау керек. Әсіресе ең ыстық сағаттар 11:00-ден 20:00-ге дейін.
Егер сіз су жанында демалып жатсаңыз тек жабдықталған орындарда шомылыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз, мас күйде шомылмаңыз және өз күшіңізді асыра бағаламаңыз.
Төтенше өрт қаупі сақталатын аудандарда халыққа ашық отты пайдалануда аса сақ болу, үйлер мен мекен-жайлардың жанында от жақпау, құрғақ шөп өртемеу, қамыс өртемеу, автомобильдерден сөндірілмеген темекі, шыны ыдысты тастамауды сұраймыз.
Төтенше жағдай туындаған кезде "101" және "112" телефондарына қоңырау шалыңыз.