12.07.2022, 18:45
Оқылды: 77

Аудандық сотта - жаңа төраға

ҚР Президентінің Жарлығымен Бәйтерек аудандық сотының төрағасы болып Әсел Мәженова тағайындалды. Соған орай аудан активі өтті.

B8CE4B4C-B08B-4EF5-83AA-E9FA29D1222F

Жиынды ашқан аудан әкімі Марат Тоқжанов Әсел Ерсенқызын құттықтап, қызметіне табыс тіледі.

-Өзіңізге жүктелген міндетті үлкен жауапкершілікпен, ұйымдастыру шеберлігіңізбен атқаратыныңызға сенеміз. Біліміңіз бен біліктілігіңіз, сабырлығыңыз сот төрелігін әділ жүзеге асыруға жәрдемші болары анық,- деді Марат Лұқпанұлы.

Сөз кезегін алған жаңа сот төрағасы қоғамымыздың игілігі, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолындағы күрделі де жауапты қызметті адал атқаруға әрқашан да дайын екенін мәлімдеді.

FC4C3E45-158E-4D2D-AA61-94D2DE5CF0F8

Айта кетейік, Әсел Ерсенқызы 1979 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2001-2009  жылдары сот саласында, 2009-2015 жылдары прокуратура органдарында қызмет атқарған. 2015  жылдан бері Шыңғырлау аудандық сотының судьясы болған.

 Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале