Суреттің дереккөзі: baq.kz
«2022 жылғы қаңтар-мамырда республикада 1 жасқа дейінгі 1 384 нәрестенің шетінеуі тіркелді. 2021 жылы дәл осы кезеңде елде 1 423 бала шетінеген, яғни биыл өлім-жітім 2,7 пайызға кеміді», - деп көрсетілген бюроның хабарламасында.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елде туған 1000 сәбидің 8-і шетінейді.
Еске сала кетейік, бұл уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 48 нәресте шетінегенін жазған едік.