14.07.2022, 12:30
Оқылды: 64

Қаптаған қарбызға қызықпай тұра тұрыңыз!

Жуырда әлеуметтік желіде бір үйдің төрт баласы қарбыздан уланды деген ақпарат тарады. Алайда БҚО денсаулық сақтау басқармасының мамандары жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген балалардың қарбыздан уланғаны дәлелденбеді деп хабарлады.

1574156340_12

Қарбыздан улану көбіне ерте піскен қарбызды жегендер арасында тіркеліп жатады. Көп болмаса да ара-тұра қарбыздан улану фактілері болып тұратыны жасырын емес.
Қазір көшеде, кез келген бұрышта қарбыз сатып отырғандарды көруге болады. Сол қарбыздарды жеуге бола ма?
Біздің редакция санэпид мамандарға жолығып, мән-жайды анықтап көрді. Мамандар ерте піскен қарбызды жеуге асықпаған жөн дейді. Ерте піскен қарбызда көбіне нитрат мөлшері көп болып жатады дейді мамандар.

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті көкөніс, жеміс-жидек құрамындағы нитратты анықтау мақсатында рейдік жұмыстар жүргізген. Рейд барысында "Ел ырысы", "Мирлан", "Өнім" базарларындағы тауарларға тексеріс жүргізілген. Тексеріс нәтижесінде зерттелген 100-ден астам қарбыз сынамаларының 2-еуінде нитраттың максималды рұқсат етілген мөлшерден артық екендігі анықталған. Санитар мамандар ерте піскен қарбыз құрамындағы нитрат қалдығы адамның тағамнан улануына әкеліп соғуы мүмкін екендігін айтады. Сондықтан да мамандар шілде айының соңына дейін қарбызды жемеуге шақырады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале