Бүгін Бөкей ордасы ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиевтің төрағалық етуімен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыста Саралжын және Т.Масин округтерінде қиын жағдайға тап болған балалар анықталып, олардың қазіргі ахуалы сараланды. Оларға төрағаның тапсырмасымен мейлінше көмек көрсету тапсырылды.
Сонымен қатар отырыста жас толқынның бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спорттық секцияларға тарту жұмыстары және нашақорлық сынды індеттен алшақ болуды үгіттеу жайы айтылды.
Раушан Бақытова,
Бөкей ордасы ауданы,
zhaikpress.kz