Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нариман Төреғалиев пен Ләззат Рысбекова және облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева Шыңғырлау ауданына жұмыс сапарымен келді.
Халық қалаулылары Алмаз бен Ақшат ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Сенат депутаттары тұрғындарды толғандыратын мәселелерді талқылап, мән-жайына толық қанықты. Әсіресе, ауыл тұрғындары Шыңғырлау-Алмаз бағытындағы жолды жөндеу, электр желісінің сымдарын жаңарту, несие алуда жеңілдету жолын қарастыру, көгілдір отын мен су тарифінің қымбатшылығы, шабындық жердің жетіспеуі, сонымен қатар жиында жас отбасылардың арасында ажырасу көбеюі секілді мәселелерді ортаға салды.
Жиын барысында депутаттар барлық сұрақтарға еліміздегі ахуалмен салыстырмалы түрде жауап бере отырып, маңыздылығына қарай шешуге ықпал ететінін айтты.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz