19.07.2022, 20:21
Оқылды: 41

Сенат депутаттары - Шыңғырлауда

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нариман Төреғалиев пен Ләззат Рысбекова және облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева Шыңғырлау ауданына жұмыс сапарымен келді.

IMG-20220719-WA0019 (1)

Халық қалаулылары Алмаз бен Ақшат ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.​ Кездесу барысында Сенат депутаттары тұрғындарды толғандыратын мәселелерді талқылап, мән-жайына толық қанықты. Әсіресе, ауыл тұрғындары Шыңғырлау-Алмаз бағытындағы жолды жөндеу, электр желісінің сымдарын жаңарту, несие алуда жеңілдету жолын қарастыру, көгілдір отын мен су тарифінің қымбатшылығы, шабындық жердің жетіспеуі,​ сонымен қатар жиында жас отбасылардың арасында ажырасу көбеюі секілді мәселелерді ортаға салды.

IMG-20220719-WA0017

Жиын барысында депутаттар барлық сұрақтарға еліміздегі ахуалмен салыстырмалы түрде жауап бере отырып, маңыздылығына қарай шешуге ықпал ететінін айтты.

Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале