25.07.2022, 17:30
Оқылды: 49

БҚО-да қант диабетімен ауыратын науқас емшіге қаралып, аяғынан айырыла жаздады

Батыс Қазақстан облысында емшінің емінен кейін дертін асқындырған науқасқа ота жасалып, аман қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

01

Казталов аудандық ауруханасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұған дейін қант диабетімен ауыратын науқастың бір аяғы ампутацияланған.

Осы жолы да дерті маза бермеген соң эндокринолог маманның немесе жергілікті учаскелік дәрігердің көмегіне жүгінбей, емшіге қаралған.

Емшінің емінен соң ауруы асқынып, Казталов аудандық ауруханасына түсті.

Дәрігерлер асқынған екінші аяғы гангренаға ұласып кетпесі үшін ашып тазалауды ұсынғанымен, науқас бас тартқан соң шұғыл ота жасалған.

Соның нәтижесінде ақ желеңділер оның аяғы мен өмірін сақтап қалды.

Ота жасаған Казталов аудандық ауруханасының директоры міндетін уақытша атқарушы, дәрігер-хирург Зинұр Сәткештің айтуынша, көп мөлшерде ірің алынған.

«Отадан соң бірнеше күннен кейін науқастың жағдайы қалпына келді. Қант деңгейі де біртіндеп түсті. Қазіргі таңда жағдайы бірқалыпты», - деді З.Сәткеш.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да медбикенің вакцинация паспортының заңсыз беріліп отырғаны жөнінде шағымданғанын жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале