Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2021 жылы сексуалды және еңбек құлдығының құрбаны болған 16 әйел анықталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрлігі Адам саудасына қарсы күрес басқармасы басшысының орынбасары Шынар Көшербаеваның сөзінше, сексуалды құлдыққа тап болған әйелдерді шет елдерге шығарған.
- 2021 жылы сексуалды құлдықтың 16 құрбаны, 2020 жылы 67, 2019 жылы 35 құрбаны анықталды. Азаматтарды Бахрейнге шығару бойынша бір дерек бар. Соңғы жылдары Түркия мен Біріккен Араб Әмірлігіне шығарған. Бірақ басым бөлігі мемлекет ішіндегі трафик, - деді Шынар Көшербаева.
Қазіргі уақытта еңбек құлдығы бойынша 5 іс қозғалып, тергеу басталған. Ал 2021 жылы 4 адам еңбек құлдығына тап болса, 2020 жылы 21 құрбаны анықталған.