27.07.2022, 18:00
Оқылды: 47

Қос нысанның әлеуеті жоғары

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Қаратөбе ауданында жаңадан қолданысқа берілген және құрылыс материалдарын сататын «Район центр» ғимаратында да болып, жеке кәсіпкер Тоқтар Мерекеұлымен тілдесті.


3

Ғимарат  ішін аралаған облыс әкімі халыққа қазіргі таңда құрылыс материалдарын қолжетімді бағада сату, сондай-ақ ішкі сұранысты қамтамасыз ету мәселесін сөз етті.

8

Өз кезегінде «Район центр» сауда кешенінің иесі Тоқтар Мерекеұлы қазіргі таңда құрылыс материалдарын тасымалдау жағы қиын екендігін, құрылыс материалдарының басым бөлігі көршілес Ресей мемлекетінен тасымалданатынын жеткізіп, аздаған қиындықтар болатыныны жайында да айтып өтті.

6

Жеке кәсіпкер Тоқтар Мерекеұлының  айтуынша:

– Қазіргі таңда бұл орталық тұрғындарды құрылыс материалдарымен және күнделікті тұрмысқа қажетті заттармен, сондай-ақ көлікке арналған керек-жарақтармен қамтып отыр. Ғимараттың аумағы 900 шаршы метрді құрайды. Ғимаратты толық жөңдеуден өткіздік. Негізінен тұтынушыларымыз –  аудан тұрғындары мен жақын елді мекендердің халқы. Тауардың құнын да халықтың қалтасы көтеретіндей тиімді. Тұтынушылар қалаға барып шығындалмай, аудан орталығында да қажетті заттарын тез әрі оңай табулары үшін тиісті жағдайларды қарастырып отырмыз. Қазіргі таңда орталығымызда 8 адам қызмет жасайды, - дейді.

5

Облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы жеке кәсіпкердің әлеуеті жоғары кәсібіне жоғары баға беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар облыс басшысы жақында ғана халық игілігі үшін ашылған аудандағы «Halyk Bank» бөлімшесінде де болып, банктің қызмет жүйесімен танысты.

4

Аудан орталығында ашылған банк бөлімшесінің басшысы Эльмира Қайратқызы облыс әкімі Ғали Есқалиевке банктің қызметі туралы атап өтті.  Оның айтуынша ғимарат заманауи талаптарға сай жабдықталған. Залда тұрғындарға арналған арнайы күту залдары бар. Банктің арнайы қызметкерлері тұрғындарға қаржылық жүйелер бойынша тегін кеңестер береді. Қазіргі таңда бөлімшеде 9 қызметкер жұмыс жасайды. Негізгі жұмысымыз – халыққа сапалы қызмет ұсыну. Жаңа орынжай аудан халқына және қызметкерлерге ыңғайлы, заманауи интерьерге ие. Ғимаратта аудан тұрғындарына ыңғайлы қызмет көрсету аймағы ұйымдастырылған. Екі кассалық кабина, екі банкомат және бір төлем терминалы орнатылды. Орталықта жеке және заңды тұлғаларға арналған банк өнімдері мен қызметтерінің толық топтамасы ұсынылып отыр,- деді.

Аудандағы халық игілігі үшін ашылып, халыққа қызмет ұсынып отырған нысандардың жұмысына сәттілік тілеген облыс әкімі Ғали Есқалиевтің кезекті жұмыс жоспары аудандағы зиялы қауым өкілдерінің кездесуімен жалғасты.

Әмірбек Жәнібеков,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале