27.07.2022, 17:45
Оқылды: 64

Облыс әкімі жеке балабақша кешенінде болды

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев жұмыс сапарымен Қаратөбе ауданында болып, бірқатар нысандарды аралады. Жұмыс сапары барысында ашылғанына көп бола қоймаған «Жайық Еңбек» компаниясына тиесілі жеке балалабақшада болып, балабақша ұжымымен дидарласты.

9

Аталған балабақша кешені 2025 жылға дейін 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке толық қамту бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арналған Жолдауындағы басымдылықтар негізінде ашылып отыр.

10

Қазіргі таңда балабақша кешені тәрбиеленушілерге білім және тәрбие беру талаптарына сай 125 баланы қамтып отыр. Балабақшада қазіргі таңда 5 топ жасақталған. Балалар тәрбиесіне жауапты 9 кәсіби маман, 10 кіші қызметкер және 5 арнайы пән мамандары сапалы еңбек етуде.  Балабақша мемлекеттік стандартқа, санитарлық-гигиеналық талаптарға толық сәйкестендірілуімен қатар, жергілікті халыққа ең қолайлы әлеуметтік жағдай жасап отыр. Атап айтқанда, балабақша тек мемлекеттік қаржылық тапсырыспен ғана ашылып, қызмет етуде. Ата-аналар үшін тегін қызмет көрсетеді. Ашылғанымызға 8 ай уақыт болды. Әрине бұл тек бастамасы ғана, болашақта заманауи иновациялық жобалар енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл жоба инклюзивті білім беру мәселесімен тығыз байланыста болмақ, - дейді жеке балабақша кешенінің меңгерушісі Жанна Аралбекқызы.

11

Облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы ғимарат ішіндегі арнайы жасақталған бөлмелермен танысып, балаларға барлық жағынан жағдай қарастырылып отырғандығына өз ризашылығын білдірді.

12

Сондай-ақ балабақша кешенінің директоры Еркін Нұрланұлымен тілдесіп, алдағы жасалатын жұмыс жоспарымен танысты.

Әмірбек Жәнібеков,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале