28.07.2022, 9:30
Оқылды: 45

«Маладес, Мағжанов!»

…Көне альбом. Ішіндегі суреттері де көнерген. Бірақ көзге ыстық. Шеттері мүжіліп, сарғайған ескі суреттерді шолған сайын сонау алыс қалған жастық шақтың елестері көңілде ойнап шыға келетіндей. Университеттен кейін облыстық «Орал өңірі» газетінің редакциясында басталған журналистік қызметіміздің алғашқы қадамдары. Ақылшы ағалар. Жарыса-жамыраса жүріп еңбек еткен қатарлас-қанаттас әріптестер. Газет жұмысының ыстық-суығын бірге көтеріскен апа-қарындастар. Қазір көбі о дүниелік. Көне альбомдағы көне суреттер сонысымен де одан бетер ыстық.

3

Осы көне альбомды қолыма алып, парақтаған сайын ондағы суреттерді түсірген бір кездердегі жұмыстас жолдасымыз, атақты алпысыншы жылдары қайта түлеген «Орал өңірінің» алғашқы фототілшілерінің бірі болған аяулы досымыз, марқұм Идият Мағжановты еріксіз еске аламын. Өкініштісі, оның фәнилік те, кәсіби де ғұмыры қысқа болды, алайда жасын отын­дай жалт етіп өткен сол ғұмыр онымен таныс-біліс, қызметтес болғандардың көбінің жадында қимас әсермен сақталып қалғаны кәміл.

Бұл мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №88 санынан оқи аласыздар!

Ғарифолла Көшенов,

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері,

Алматы қаласы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале