28.07.2022, 16:30
Оқылды: 24

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауы басталды

Қаладағы 5517 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен өтетін бұл байқау 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. Байқауға Батыс Қазақстан облысы және Ақтөбе, Атырау және Ақтау қалаларынан келген әскерилер қатысуда.

4b9e8c43-f70f-4c8f-be5a-91183abb6c33

Байқау үш бөлімнен тұрады. Алдымен әскерилер өздерін таныстыруы керек, екінші кезеңде мақал – мәтел айтып жарысады. Ал үшінші кезеңде тәуелсіздік, ел тақырыбында баяндама жасаулары тиіс.
- Шараның мақсаты әскери қызметтегі өзге ұлт өкілдері арасындағы мемлекеттік тіліміздің қолданылу аясын кеңейту. Сонымен қатар мәдениетімізді, салт - дәстүрімізді дәріптеу. Биыл 5 үміткер қатысып жатыр. Барлығы да осы Батыс өңірлік қолбасшылығынан,- деді Ұлттық ұлан бас басқармасының мемлекеттік тіл жөніндегі аға офицері Құдайбергенов Мұратбек.

cd06e43e-2350-46cd-9f19-836f830de28c
Бұл байқау үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең әр әскери бөлімнің өзінде өткен. Екінші кезең Оралда өтіп жатыр. Үшінші кезең Елордада өтеді.
Бүгінгі екінші кезеңнің жеңімпазы қыркүйек айында Нұр – Сұлтан қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алады.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале