30.07.2022, 14:31
Оқылды: 45

Оралда автобус аударылып 16 адам зардап шекті

- Жарақат алған 14 адам ауруханаға, ал 2019 жылғы бір бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. - деп хабарлады БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

ДТП

Бүгін сағат 11 - лер шамасында  39 бағытқа қатынайтын автобус пен 30Д бағытындағы автобус түйіскен. Оқиға Дәулеткерей мен Мұхит көшелерінің қиылысында болған.

Осы оқиғадан зардап шекккен 1990 жылғы әйел адам бас пен мидың жабық жарақатын алған.  1971 жылғы әйел адамның үш қабырғасы сынған. Оған ота жасалынады. 1976 жылғы әйел адамның бұғанасы сынған. Қазір үш адам да қалалық ауруханада жатыр делінген денсаулық сақтау басқармасының мәліметінде.

Қалған тұрғындар амбулаторлық ем алуға жіберілген.

Жол апатынан жалпы саны 16 адам зардап шеккен.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале