Қаржы мониторингі агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында мұнай өнімдерін шетелге экспорттау схемаларының жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
Жыл басынан бері ҚМА 4 миллиард теңгеге жалпы көлемі 20 мың тонна мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы дерегі бойынша 35 қылмыстық іс қозғаған.
"Бұл деректер бойынша тергеу аясында жанар-жағармайдың шығу көздері мен оның айналымына қатысы бар тұлғалар анықталып жатыр.
Өңірлерде шекара қызметі және мемлекеттік кіріс органдарымен өзара іс-қимыл жолға қойылып, бірлескен жұмыс жоспарларына қол қойылды", - делінген хабарламада.