2.08.2022, 22:01
Оқылды: 43

Қос ауылда есептік жиын өтті

Бүгін Шыңғырлау ауданының Алмаз бен Ақшат ауылдарында есептік кездесу жиыны өтті, оған аудан әкімінің міндетін атқарушы Дархан Абдрашитов, ауыл тұрғындары, мекеме, ұйым басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

щ1

Қос ауылдың округ басшылары, яғни Алмаз ауылдық округінің әкімі Сағындық Кальниязов және Ақшат ауылдық округінің әкімі Ерлан Айшуақов әлеуметтік көрсеткіштер статистикасын баяндап, тұрғындардан түскен сауалдарға жауап берді. Тұрғындар Алмаз-Шыңғырлау бағытындағы жолды жөндеу, тозығы жеткен электр сымдарын ауыстыру, ауыл арасына такси шығару, шөп бағасы, аурухана қызметі секілді мәселелерді ортаға салды.

щ2

Жалпы көтерілген мәселелердің басым көпшілігі осы алдыңғы тоқсандарда қойылған сұрақтар қатарынан болғандықтан, әкімінің міндетін атқарушы Дархан Ережепұлы және тиісті мекеме басшылары кей мәселелердің орындалу барысын айтып өтті. Дегенмен уақыт пен қаражатты талап ететін мәселелер маңыздылығына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын халыққа жеткізді.

щ3

Әр ауылдық округте өткен есептік жиыннан соң тұрғындар жеке мәселелерімен аудан әкімі орынбасарының қабылдауында болып, өздерін толғандырған сұрақтарына толыққанды жауап ала алды.

Аман Ізмұхан

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале