Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Орал қаласында балаларды қауіп-қатерден сақтау, қорғау мақсатында «Қауіпсіз балалық шақ» акциясы шеңберінде «Қауіпсіз аула» шарасын ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – балалар арасында болатын терезеден құлау, суға кету, дене жарақатын алу секілді оқиғалардан бүлдіршіндерді қорғауға және алғашқы көмек көрсетуге үйрету болды.
Департамент мамандары арнайы құрылғылар арқылы балаларға есінен танып қалған адамға алғашқы көмекті көрсету әдісін үйретті. Кейін ол сұрақ-жауап арқылы пысықталды.
Судан құтқару бөлімнің мамандары арнайы киімдермен, суда жүзу баллондарымен таныстырып, судағы қауіпсіздік ережелері туралы баяндады.
Биіктен адам құтқару, қауіпсіз жерге оқшаулану мәселесі де атап өтілді.
Полиция қызметкерлері жолдағы ережелермен таныстырса, спорт бөлімінің мамандары денені таза ұстау, шынығу, жаман әдеттерден аулақ болу туралы әңгіме жүргізді.
Шара барысында балалар өздерін мазалаған сұрақтарға тұшымды жауаптар алды.
Мамандардың айтуынша, тек биылғы жылдың өзінде облыс бойынша алты бала суға кетіп, көз жұмса, тоғыз бүлдіршін өлім ауызынан құтқарылған.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz