5.08.2022, 11:15
Оқылды: 54

Петропавлда мүгедектігі бар қызды зорлады деген 2 ер адам анықталды

Петропавл полициясына 32 жастағы сырқат қыз жалға берілетін пәтерде зорланғаны жайында арыз түсті. Күдіктілердің екеуі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

14

Петропавлда мүгедектігі бар қызды үш ер адамның зорлағаны жайында ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

Оқиға 3 тамызда болған. Зардап шеккен қыздың танысының айтуынша, ол бойжеткеннің ақыл-есінің кемістігі бар, анасы да ауырады. Көпқабатты үйдің ауласында әткеншек теуіп отырған оны көршілерінің бірі қасындағы үйге, жалға берілетін пәтерге алып кеткен. Ол жерде тағы екі ер адам болған. Тек таңертең ғана жіберген.

«Таңертең менің алдымнан шықты, оны ұрған. Не болғанын айтып берді. Полицияға барып арыз жазды. Сараптамадан өтті», - дейді зардап шегушінің танысы.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі осы дерекке қатысты түсінік берді.

«3 тамыз күні Петропавл қалалық полиция басқармасына Абай көшесіндегі жалға берілетін пәтерлердің бірінде облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны зорланғаны туралы хабарлама түсті.

Бұл факті ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі, 1-тармағы «Зорлау» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция СҚО-ның 48 және 32 жастағы екі тұрғынын анықтады.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Қалған ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейді», - делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале