5.08.2022, 10:45
Оқылды: 12

Су тоғандары толтырылуда

Жәнібек ауданына қарасты Тау ауылдық округінде ауыл тұрғындарының малдарын суаруға арналған үш су тоғаны бар. 2020, 2021 жылдары Еділ суының магистральдік каналын тереңдетіп, қазу жұмыстарын жүргізгеннен кейін ол тоғандардың біреуіне өз бетімен су бару тоқтап қалды.

15

Қазіргі таңда ауылдағы үш тоғанға да суды механикалық әдіспен, насостар арқылы айдау жұмыстары жүргізілгеннен кейін ғана су баратын жағдайға жетті.

17

Осы орайда биыл аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қазсушар» РМК БҚО филиалымен келісім жүргізіліп, осы аптада аталмыш ауылға арнайы техникамен сағатына 720 текше метр су айдайтын насос жеткізілді.

18

Аталған насостың көмегімен ауылдың батыс бөлігіндегі тоғанға су толтырылды. Қазіргі кезде ауылдың оңтүстік бағытындағы тоғанға су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстардың ұйымдастырылуын көру үшін аудан әкімі Азамат Сафималиев ауылға барып, жұмыс барысын көріп қайтты. Алдағы уақытта су тоғандары толтырылып, тұрғындардың қажеттіліктері өтелетін болады.

16

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале