Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының сайтында келтірілген статистика бойынша Қазақстан Республикасында атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы саны 2021 жылы шамамен 1 000 000 адамды құраған. Бұл жан басына шаққандағы орташа айлық табысы көптеген адамдарда кедейлік деңгейінен төмен екендігін көрсетеді.
Бұл жағдайдың пайда болғандығына бірнеше факторлар әсер етеді, олардың ішінде білім деңгейінің төмен болуы және жұмыссыздық, ал ол табиғи түрде елдегі қылмыстық жағдайдың өршуіне алып келеді. Қазіргі күрделі жағдайда азық-түлік пен алғашқы қажеттілік тауарларының бағасы үздіксіз өсуде және мұндай шарттарда қарапайым азаматтың өмір сүру сапасын жақсарту қажеттілігі айтпаса да түсінікті.
OrleTech жобасы-бұл Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында тұратын, әлеуметтік осал топтар санатына жататын 18 жастан 40 жасқа дейінгі жастарды қолдаудың пилоттық моделі, ол 5 айға дейінгі қысқа мерзімді кезеңде «Веб-шебер» және «Тестілеу IT-инженері» бағыттары бойынша білікті мамандар даярлауға мүмкіндік береді.
«Біз ең өзекті бағыттарды анықтау үшін операциялық қызметіміз жүргізілетін аймақтарда әлеуметтік жобалардың қажеттіліктерін бағалап отырамыз. Соның нәтижесінде жастарды онлайн мамандықтарға оқыту қажеттілігін анықтадық. Әлеуметтік инвестициялау бойынша стратегиямыздың негізгі бағыттарының бірі – білім беру бағдарламаларын ілгерілету арқылы жастардың әлеуетін дамыту» - дейді Шелл Қазақстан компаниясының Әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Жұлдыз Галиакпар.
OrleTech жобасындағы қатысушылардың кәсіби дағдыларын дамыту бойынша негізгі екі курстан басқа, қосымша екі курс енгізілген – негізгі компьютерлік сауаттылық және қаржылық сауаттылық, өйткені қазіргі таңда қаржы табу дағдылары жеткіліксіз, оларды сақтау, сауатты инвестициялай білу және сонымен қатар интернет алаяқтарының айла-амалдарына түспеу маңызды.
«Қазіргі әлемде өз дамуының траекториясын тез және батыл қадам жасап өзгерте білу, өсудің қосымша жолдарын іздеу маңызды, және ең бастысы әлеуетті жұмыс берушілердің сұраныстарына сай болу және бизнес-ортаның жаңа шарттарына уақытында қайта қосыла білу үшін өз уақытың мен күш-жігеріңді цифрлық дағдыларды дамытуға инвестициялаудың маңыздылығын уақтылы сезіну қажет.» - дейді жоба авторы, ITeachMe қорының директоры Бегалиева Захира.
«Сол себепті біздің студенттерімізде тегін түрде мамандығын ауыстыруға, жұмыс орнын ауыстыруға немесе табуға және қосымша табыс көзін табуға бірегей мүмкіндіктер бар. Еңбек нарығындағы жоғары сұраныс курстардың өзектілігін растайды, өйткені бүгінгі таңда бизнес цифрландырудың жаңа деңгейіне өтті және кәсіпорындардың табыстылығы үшін тиісті түрде ілгерілеуді талап етеді. Бизнес және «Шелл Қазақстан» компаниясы секілді ірі корпорациялар Қазақстан жастарының цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларды қолдауы маңызды.»- деп Бегалиева ханым сөзін қорытындылады.
Жобаға қатысуға өтінімдер iteachme.kz сайтында 1 қыркүйекке дейін қабылданады. Сондай-ақ жоба туралы толық ақпарат Қордың әлеуметтік желілеріндегі парақшаларда орналастырылған. Қосымша сұрақтар бойынша 8 702 286 27 16 телефон нөміріне қоңырау шалуға / жазуға боолады.
zhaikpress.kz