15.08.2022, 12:30
Оқылды: 25

Өткен аптада еліміздің аумағында 3 мыңнан астам қылмыс жасалды

Өткен аптада еліміздің аумағында 3 мыңнан астам қылмыс жасалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

8

«Өткен аптада 3278 қылмыс жасалды. Оның ішінде 1978-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 12 кісі өлтіруді, 5 адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 3 қарақшылық, 37 тонау мен 512 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді ІІМ өкілі ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

«Марат Ахметжанов ведомство полиция қызметкерлерінің құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасауды жалғастыратынын атап өтті. Жеке құраммен кездесуде министр Мемлекет басшысы жаңа Қазақстанды қалыптастыруда ІІМ-ге қойған талаптарды, сонымен қатар қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді еске салды. Сондай-ақ ол цифрландыруды енгізу, бюрократияны қысқарту және сотқа дейінгі тергеу кезінде құжат айналымын азайту бойынша тапсырмалар берді», - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале