Ұлыбританияның әскери колледждерінде оқитын ондаған жасөспірім курсанттар мен нұсқаушылар тарапынан зорлық-зомбылық көргенін айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Басылым мәліметінше, жасөспірімдердің жартысына жуығы 16 жастан асқандар түсетін Солтүстік Йоркширдегі Харрогейте әскери колледжінде оқып жүргенде зорланған.
Қоғамдық комитеттің тергеуінен кейін министрлер жариялаған мәліметте жасы 18-ден асқан 47 адам бұрын жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны айтылған. Оның 37-сі қыздар. Зорлық-зомбылықтың бір эпизоды дәлелденді, төртеуі тергеліп жатыр, тағы 11 іс азаматтық полицияға берілген.
"Бұл статистика қалай қарасаңыз да таңғалдырады", - деді бұрынғы армия қолбасшысы полковник Филип Инграм.
Өткен жылы әріптестері тарапынан жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырадым деген әскери қызметкерлердің саны рекордтық деңгейге жеткені атап өтілді. Сондай-ақ, Қорғаныс полициясы әскерде, Корольдік әуе күштерінде және теңіз флотында болған 200-ден аса жеке жағдай туралы мәлімдеді.
Жыныстық қудалау туралы 274 мәлімдеменің 164 әскерде, 43 Әскери-теңіз күштерінде және 32 Корольдік әуе күштерінде болған.
Оның 44 зорлау, 198 басқа сексуалдық зорлық-зомбылық, ал қалғандары сексуалдық сипатта болған.
2021 жылғы деректер Қорғаныс министрлігінің 15 азаматтық қызметкері, сондай-ақ шетелдік күштердің үш мүшесі жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын көрсетеді.
Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі барлық айыптаулар мұқият тексеріліп жатқанын айтты.