16.08.2022, 11:45
Оқылды: 52

Оралда 8 527 бүлдіршін балабақшаға кезекте тұр

Орал қаласы бойынша 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі  ұйымдармен қамту 100 пайызды құрайды, деп хабарлады Орал қаласы білім беру бөлімінің  басшысы Ақжарқын Темірханова.

news_full16407828566210b4d0f8c6431bbb1fea3132f5a5ee

Фото дереккөзі: stan.kz

-Қазіргі  уақытта  қалада 50 мемлекеттік, 84 жеке балабақша, 13 шағын орталық жұмыс жасайды. Мектепке дейінгі  ұйымдарға қабылдау Balabaqsha Smart Nation бағдарламасы арқылы жүргізіледі. Мектеп және даярлық сыныпқа баратын 3 179 бүлдіршін балабақшамен қоштасып, бос орындарға балалар аталған портал арқылы қабылдануда.

Жаңа порталдың іске қосылуына орай ата-аналарға қолдау көрсету мақсатында білім бөлімінің бірінші қабатында кабинет жұмыс жасауда.  Компьютерлер қойылды, туындаған сұрақтарға байланысты түсіндіру жұмысы жүргізілуде, - деді білім басқармасының facebook әлеуметтік желісінде өткен тікелей эфирде Ақжарқын Мүтиғоллақызы.

Орал қалалық білім беру бөлімінің мәліметіне сүйенсек, жалпы мектепке дейінгі  ұйымдарда  18 мыңдай бала тәрбиеленуде, ал 8 527 балғын кезекте тұр.

Балабақша ашуға ниетті жеке кәсіпкерлерден жеке балабақша ашу үшін өтінімдер бар. Бүгінгі күнге жаңадан 12 балабақша ашуға және орын санының кеңейтілуіне байланысты 13 балабақшадан мемлекеттік тапсырыс алуға өтінім түскен.

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале