Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегінен кейін сауық кешін өткізбек.
"Канело" әлеуметтік желіде 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтетін жекпе-жектен кейін сауық кеші болатынын жариялады.
"17 қыркүйекте Канелоның Fight After Party ресми кешінде Zouk Night club-та өтетін тағы бір ұмытылмас түнге дайын болыңыз", - делінген оның Instagram-парақшасындағы жазбада.
Еске салайық, боксшылар бұл аренада 2017 және 2018 жылдары кездескен болатын. Бірінші жекпе-жек тепе-тең есеппен аяқталса, екіншісінде Альварес жеңіске жетті.
Бұған дейін Головкин әлеуметтік желіде мексикалық боксшымен үшінші жекпе-жекке қатысты жазба жариялаған болатын.
tengrinews.k