17.08.2022, 22:11
Оқылды: 28

Қымбат жабдыққа қыруар қаржы жұмсалған 

Орал қаласындағы «Antikor оrtalyǵy» сервистік орталығында бекітілген шекті бағаларға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу мәселесі талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті Превенция басқармасының басшысы Біржан Хайруллин мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар туралы баяндады. Басқарма басшысы Батыс Қазақстан облысы бойынша бюджет қаражатын тиімсіз жұмсалғаны анықталғанын хабарлады. 

WhatsApp Image 2022-08-17 at 19.04.57 (1)

– Мемлекеттік сатып алу порталын зерттеу арқылы БҚО денсаулық сақтау басқармасы 2020 жылдың қазан айында (15.10.2020 ж., №37411367 ө/б) 27 500 000 теңге сомасына және (12.10.2020 ж. (№36924141 ө/б) 29 500 000 теңге сомасына балалар мен жаңа туған нәрестелерге арналған өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алуды жоспарлаған. 2020 жылғы 23 қазанда аталған басқарма мен «КазЕвроМед» АҚ арасында 29 500 000 теңге сомасына бір медициналық жабдықты жеткізуге шарт жасалды. Өндіруші – «Acutronic medical Systems AG» (Швейцария). Сонымен қатар осы уақытқа дейін 15.10.2020 ж. (№37411367 ө/б) 27 500 000 теңге сомасына жоспардың тармағы «бекітілді» мәртебесінде қалады. Басқарманың лауазымды тұлғалары бұған қатысты мән-жайды түсіндіре алмады. Өйткені сатып алу жоспарын порталға орналастырған маман қазіргі уақытта жұмыс істемейді. Басқа аймақтардағы осыған ұқсас сатып алулармен салыстырғанда баға айырмашылығы айқындалды. Мәселен, 2020 жылғы 30 қазанда ШҚО ДСБ «Күршім ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК 13 510 000 теңге сомасына ұқсас аппарат (бірдей жиынтықтаушы, шығыс материалдары мен пайдалануға қойылатын талаптар) сатып алды, оның өндірушісі «ACUTRONIC medical Systems AG» (Швейцария) болып табылады.

WhatsApp Image 2022-08-17 at 19.04.58 (1)

Басқарма 47 «пациент мониторын» 94 000 000 теңгеге немесе бір данасын 2 000 000 теңгеге сатып алған кезде осындай асыра бағалау белгілері анықталды. Мысалы, «Алматы облысының ДСБ» ММ ШЖҚ «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» МКК осындай медициналық жабдықты 1 400 000 теңгеге сатып алды. Екі жағдайда да жеткізуші – «Глобал Медикал» ЖШС, ал өндіруші – «Edan Instruments, Inc.» (Қытай). Осылайша осы медициналық жабдықты сатып алу кезінде нарықтық бағаны сақтау басқармаға 28 200 000 теңге үнемдеуге мүмкіндік беретін еді. Сондай-ақ «med-Pharm МТ» ЖШС-дан 52 500 000 теңге/данаға (барлығы 157 500 000 теңге сомасына 3 дана) «эндоскопиялық тіреуі бар бейнебронхоскопты» сатып алу кезінде елеулі асыра бағалау белгіленген. Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы осындай жабдықты «INTERMED COMPANY» ЖШС-дан 42 040 000 теңге/дана сатып алғаны анықталды. Екі жағдайда да өндіруші «Olympus Medical Systems Corp.» (Жапония). Нарықты дұрыс зерделеу кезінде 31 380 000 теңге үнемделуі тиіс еді.

WhatsApp Image 2022-08-17 at 19.04.56 (1)

Мемлекеттік сатып алу порталын және аудиторлық есепті зерделеумен 2020 жылдың 23 шілдесінде басқарма мен «Гуми Фарм+» ЖШС арасында медициналық консоль мен оттегіні ылғалдандырғышты сатып алуға тиісінше №49 және №50 шарттар жасалғаны анықталды (шарттардың жалпы сомасы 69 835 464 теңге). Көрсетілген шарттарға сәйкес өнім беруші өзіне алған міндеттемелердің толық және тиісінше орындалуын және тауарлардың техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге міндеттенді. Жеткізілетін тауардың ілеспе құжаттарына сәйкес (ҚР тіркеу куәлігі-МТ-№5018634, мемлекеттік тіркеу күні 24.12.2018 ж. №018808) медициналық газ клапандары мен оттегіні ылғалдандырғыш «Pacific Hospital Supply Co Ltd» өндіруші зауытта шығарылған. Өндіруші ел – Тайвань (Қытай провинциясы). Сонымен қатар аудит барысында жүргізілген бақылау өлшемінің нәтижесі бойынша, қаптама затбелгісіне сәйкес тауарлар «Suzhou AEMD Medical Technology Co Ltd» өндіруші-зауытында өндірілген, Өндіруші ел – Цзянсу (Қытай провинциясы). Демек, жеткізілген тауарға техникалық ерекшелікте көзделген тиісті тіркеу куәлігі (қорытынды – рұқсат беру құжаты) ұсынылмаған.

ҚР Кодексінің 242-бабының 3-тармағына сәйкес медициналық бұйымдар тікелей медициналық бұйымдарға және (немесе) қаптамаға басылған таңбасымен, медициналық бұйымға медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығымен немесе пайдалану құжатымен айналысқа түсуге тиіс. Жүргізілген үстеме бақылау өлшемінің нәтижесі бойынша тауарларды жеткізу кезінде мемлекеттік және орыс тілдерінде таңбалар берілмегені анықталды. Медициналық ұйымдардың басшылары Үкіметтің 2021 жылғы 4 маусымдағы №375 қаулысының талаптарын ұстануы қажет. Бұдан басқа бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында медициналық мекемелер бірыңғай дистрибьютордың тізбесіне кіретін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы қатаң сақтауы қажет, – деді Біржан Хайруллин. «Ел намысы» арнайы мониторинг тобының БҚО филиалы басшысының орынбасары Мұрадым Қошқарбаев дәрілік заттармен қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсетуді талдау және мониторингілеу бойынша нәтижені баяндады. Оның айтуынша, мониторинг қоғамдық сауалнамаларды талдауға, БАҚ-та және интернет-ресурстарда жарияланған ақпаратқа және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің деректеріне негізделген.

– Медициналық мекемелерде тұрғындарға жасалып жатқан қамқорлық жайын ескерусіз қалдыра алмаймыз. Диспансерлік есепте тұрған науқастардың барлығына осы санаттағы науқастар үшін тағайындалған дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар ТМККК бойынша берілмейді деген ақпарат бар. Бұл ересектерге де, балаларға да қатысты. Бұл ретте емханалар мен стационарларда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету емделушілер өтініші бойынша толық көлемде қамтамасыз етілуі тиіс. Бірқатар медициналық ұйымда жүргізілген мониторинг пен тұрғындар арасында ұйымдастырылған сауалнама мемлекеттік және жеке емханаларда қызмет көрсетуде елеулі айырмашылық бар екенін көрсетті. Жеке ұйымдарда сапалы қызмет көрсету әлдеқайда жақсы жолға қойылған, сарылып кезек күту жоқ, қабылдау бөліміндегі дәрігерлер емделушілерге өте мұқият қарайды. Мемлекеттік емханаларда келушілерді осылайша қамқорлау жетіспейді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көмегіне қатысты мәселе көп. Колл-орталық операторлары тұрғындар сауалына нақты жауап бермейді.

Травматологиялық зертханалық зерттеулер бойынша құрсақ қуысының УЗИ және КТ құрылғысын тегін пайдалану қызметі бойынша медициналық мекемелер неге төлем жүргізбейді? Рентген, МРТ, КТ қызметтерін көрсету стандарттары жоқ, бірлескен орындаушылар үшін келісімшарттар жасаудың нормативтік базасы толық қамтылмаған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жекеменшік медициналық ұйымдардың МӘМС және ТМККК бойынша шарттық міндеттемелерін орындауын қадағаламайды. Айта кетерлігі, жалақының жоғары болуына және құжат айналымының азаюына байланысты жеке медициналық ұйымдарға білікті кадрлар ауысып жатқаны аңғарылады. Бұл ретте дәрігерлерге түсетін жүктеме орташа есеппен 1,4-тен 2 ставкаға дейін жетеді. Осы ауыртпалық салдарынан медициналық  қызмет сапасы төмендейді, – деді Мұрадым Қошқарбаев. «Antikor оrtalyǵy» сервистік орталығында өткен басқосуда «Әділдік жол» РҚБ Орал қаласындағы филиалының өкілі Бауыржан Ахметжан өз ұсыныс-пікірін жеткізді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Қалибеков сыбайлас жемқорлықты болдырмау бойынша жүргізіліп жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Нұртай Текебай, 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале