19.08.2022, 9:15
Оқылды: 61

Ұлыбританияда ереуілге байланысты пойыздардың 80%-ы тоқтатылды

Бейсенбі күні Ұлыбританияда пойыздардың 80%-ы тоқтатылды. Корольдік теміржолдарының көп бөлігіне, соның ішінде Лондондағы барлық ірі вокзал станцияларына қызмет көрсететін компания кәсіподақтары ереуілге шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат еuronews-ке сілтеме жасап.

220819083025718e

Теміржолшылардың басты талабы – жалақыны көтеру. Олардың айтуынша, еңбекақылары энергетикалық дағдарыс пен инфляцияның күрт өсуіне дейін де жеткіліксіз болған.

Бейсенбі күні ондаған мың жолаушы діттеген жеріне жете алмай қалған немесе кешігіп барды.

Британдықтардан келесі аптаға дейін шұғыл қажеттілік болмаса, сапарға шығуды жоспарламау сұралды.

Теміржолшылардың бұл наразылығы ел тарихында кейінгі отыз жыл ішінде болып отырған ең ауқымды ереуіл екені айтылып жатыр.

Келесі акция сенбіге жоспарланған, ал бүгін Лондон метросының қызметкерлері жұмысқа шықпайды.

Фото: Frank Augstein/The Associated Press

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале