19.08.2022, 10:15
Оқылды: 55

Жаңақалада спорт күні аталып өтті

ҚР Тұңғыш Президентінің қаулысына сәйкес тамыз айының әр үшінші жексенбісі спорт күні болып мерекеленеді. Осыған орай Жаңақала ауданында спорт күні «Достық» алаңында аталып өтті. Аудан әкімі, мекеме басшылары, қызметкерлері, спортшылар, жиналған көрермендер алдымен Марат Есмагуловтың нұсқауымен спорт жаттығуларын орындады.

18

Жаттығудың жалғасы концертке ұласып, «Жасай бер туған жер» әнімен Қуанышбек Айдарбеков және «Сағынбаймын» әнімен Айзада Сейтова әуелете ән салды. Домбырашы Нұрлан Хамзин «Балбырауын» күйін шертіп, Махамбет Нұрахметұлы «Алаш айбары» әнін шырқап көрермен көңілін көтерді.

15

Бүгінгі күні салауатты өмір қазақстандықтарға аса танымал салтқа айналып келе жатқаны тегін емес. Спортшылар да күннен-күнге өз өнегелері арқылы дене шынықтыру мен спорт денсаулық кепілі екендігін айғақтап, спортқа ден қойған адамдар саны жылдан-жылға артып, спортшылардың жетістіктері мен жеңістері де көбейіп келеді. Олар аудан көлемінде ғана емес, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде де мақтанарлық нәтижелерге қол жеткізуде.

17

Аудан әкімі Дархан Закарин спортшыларымызды бабында ұстап, спорт саласының дамуына үлкен үлес қосып жүрген бірқатар бапкерлер мен спорт саңлақтарын Батыс Қазақстан облысының  дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы Қаймен Есендияровтың және аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

19

«Рахмет саған, туған ел» әнін Табылдиев Нұрдәулет және «Ләңгі» әнін Махамбет Нұрахметұлы, Ербол Нұржанұлы көрерменге  тарту етті. Шара соңы Қайсар Нұрланның «Қазақстаным» әнімен аяқталып, мерекелік отшашу шашылды.

Нұргүл Елтайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале