Шыңғырлау ауылдық округі бойынша тазалық жұмыстары тағы да жалғасын тапты. Ауылдың тазалығын көздейтін шыңғырлаулықтар көшелер мен ауыл маңы, орман-тоғай, өзен-көл жағалауларындағы жиналған тұрмыс қалдықтарын, сынған ағаш бұтақтарын, күл-қоқысты тазартты.
«Жаз бойы кейбір тұрғындардың тұрмыс қалдықтарын өзен-көл жағалауларына апарып, төге салуы немесе табиғат аясына демалысқа барғанда қоқыс қалдыру фактілерінің әлі де бізде орын алуы қынжылтады»- дейді сенбілікке мұрындық болған Шыңғырлау ауылдық округінің ұжымы.
Сенбілікке шыққандар ағымдағы жылдың 18 тамыз күні Жанакүш су қоймасының жағалауы және ХПП (астық қабылдау пункті) аумағындағы ескі мешіт маңын тұрмыс қалдықтарынан, күл қоқыстан тазартты. Бұл күнгі сенбілікке аудандық мекемелер, барлық мекеме, ұжымдар ауыл тұрғындары, шаруа қожалық басшылары, «Жасыл ел» сарбаздары, мешіттегі жамағат та атсалысты.
А.Мұса,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz