23.08.2022, 10:31
Оқылды: 45

«Жан тебіреністен» кейінгі толғаныс

Өзімізше, сұғымызды қадамауға тырысқан түріміз бе, жанымызда жүрген жақсының жақсылығын жария қылуға сараңдау екеніміз рас қой.

InShot_20220823_092839243

Тек қана мерейтой немесе тағы сондай атаулы іс-шарасының үстінде ғана жарыса сөйлеп, «дежурный» лебіздерді ақтара саламыз, болды.

«Жақсыны айтса, жан семіреді» дегенді, әсте, жадымыздан өшіріп тастамасақ жарар еді бара-бара.

Қадыр Мырза Әли атындағы Мәдениет және өнер орталығында өтетін қадірлі кештерге қатысып шыққанда осындай оймен ораламын ылғи.

Құдайға шүкір, қаламыз мәдениет ошақтарынан кенде емес қой, самсап толып тұр, қарап қалсаң. Шара дегендер де шапыр-шұпыр жүріп жатады толас таппай. Бірақ солардың ішінде Қадыр орталығының қолтаңбасы бөлек. Жасандылықтан, штамптан ада, өрелі, өнегелі болып шығады мұнда ұйымдастырылған әрбір кеш, әрбір кездесу. Біз іздеп жүретін қазақы бастау осында орын тапқан. Тыңдарманы тырп етпей тыңдайтын тілінен бал тамған талай тамаша сәттер өтті, өтіп жатыр, өте де береді деп ойлаймын (лайым, солай болсын!).

Ізденіс, ілтипат, ықылас, пейіл, жан тебіренісі – бәрі осында. Жан тебіренісі демекші, Қадыр Мырза Әли орталығын ұршықтай иіріп, жартысын – бүтінге,  бүтінін – тұтас  әлемге айналдырып отырған басшысы, ардақты ақынымыз, сыйлы азаматымыз Бауыржан Халиолланың осындай атаумен шыққан жыр жинағын («Жан тебіреніс», 2018 жыл, «Арыс» баспасы) парақтасаңыз, тебіреністің неше түрін бастан кешесіз.

Өлеңге келгенде өз сырын риясыз ақтаратын Бауыржанның болаттай берік, ақ жаңбырдай нәзік те таза болмысын танисыз. Танисыз да ақынмен  бірге сол жүрген тереңге бойлап, сол самғаған биікке – Бауыржан биігіне қанат қағасыз.

Иә, Бауыржан – мінез, Бауыржан – бұлқыныс, Бауыржан биіктік толып тұр онда. Қарапайымдылығымен жанға жақын, өзіміз (өзіңіз) сияқты толқыныс-тебіреністерімен етене таныс Бауыржан!

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі"

газетінің 99 нөмірінен оқи аласыздар!

Дариға Мұштанова,

айтыс ардагері,

ҚР Мәдениет саласының үздігі

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале