23.08.2022, 17:45
Оқылды: 85

Елімізде дизель отынын сату бойынша шектеулер енгізілді

Елімізде дизельді талонмен және картамен сату байқалады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5

«Дизель отыны бойынша отын сатуда шектеулер, яғни, талондар мен карталар бойынша отын жіберуге көшу, лимиттер белгілеу байқалады. Қазіргі уақытта мұнай өңдеу зауыттары отынды жеткілікті мөлшерде өндіреді. Мен атап өткендей, сол МӨЗ-дердегі қорлар шамамен 50 мың тоннаны құрайды. Алайда мұнай өңдеу зауыттарынан мұнай өнімдерін жөнелту тұрақты емес. Бос вагон-цистерналар жеткіліксіз мөлшерде жеткізіледі. Вагондарды жеткізу пункттеріне дейін жеткізу мерзімдерінің ұлғаюы байқалады», - деді министр.

Осыған байланысты ол логистикалық тізбектің барлық буындары, атап айтқанда, мұнай өңдеу зауыттары, ҚМГ, ҚТЖ, сондай-ақ мемлекеттік органдардың үйлестірілген жұмысы қажет екендігін баса айтты.

«Сондай-ақ жаңа редакциядағы «мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы» бұйрық қабылданып, 22 тамызда күшіне енгенін атап өткім келеді. Бұйрыққа сәйкес бағалар сараланады. Жүргізуші куәлігі болған жағдайда лимит тәулігіне қолданыстағы бағасы 230-260 теңге болатын 100 литр дизель отынын құрайды. Жүргізуші куәлігі мен тех паспорт болған кезде жүк көлігі үшін лимит тәулігіне 300 литр болады. Қалған адамдар тобына, сондай-ақ көрсетілген көлемдерден жоғары дизель отыны 450 теңгеден беріледі», -деді Болат Ақшолақов.

Фото: blog.storemasta.com.au

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале