Орал қаласында апатты және тозығы жеткен 28 ескі үй бұзылып, 10 көппәтерлі жаңа тұрғын үй салынуда. Бұл реновация бағдарламасы арқылы жүзеге асуда, деп хабарлайды Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аталмыш бағдарламаның арқасында алдағы уақытта 145 оралдық отбасы жаңа пәтерлеріне көшеді.
Қазіргі таңда шаһардағы ескі тұрғын үй қоры жалпы тұрғын үй қорының 30%-ын құрайды. Орал қаласы бойынша 353 ескі және 52 апатты үй бар (398 пәтер).
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бағдарламада шаһардың әр ауданында ескі үйлерді бұзып, жаңа үйлерді салу қарастырылған.
Реновация бағдарламасына қатысу үшін тұрғындарының 100% келісімі қажет. Ол құрылысшылар үшін де, тұрғындар үшін де тиімді.
Бағдарламаның нәтижелі жүзеге асуы – қала тұрғындарының өздеріне, олардың белсенділігіне байланысты.
zhaikpress.kz
Суреттің дереккөзі: www.denetim.com