Жаңа оқу жылы қарсаңында Орал қаласы мектептерінде жаңа модификациялық кабинеттер жабдықталды.
«Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыру» бағдарламасы бойынша білім ұйымдары физика биология, химия, география, информатика, математика, қазақ тілі, тарих, АӘД, еңбек пен Stem-лаборатория, лингафон кабинеті, дефектолог-логопед кабинеттерін алу жоспарланған болатын.
Қазіргі уақытта 4, 5, 9, 10, 12, 19, 21, 22, 24, 26, 36, 37, 38, 40, 42, 43, 49 және Круглоозерный мектептерінің кабинеттері жабдықталды. Сонымен қатар бірнеше мектепке кабинеттерді жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Пәндік кабинеттерді жабдықтаумен қатар, мектептерге интерактивті тақта, ақпараттық киоск алу және оқушылар үшін рухани жайлы орта қалыптастыру мақсатында коворкинг орталықтарын ұйымдастыру жұмыстары да жүргізілуде.
Алтынбек Ермекқалиев,
zhaikpress.kz