30.08.2022, 9:05
Оқылды: 58

Конституция күні: Полиция қызметкерлерінің ата-аналарына құрмет көрсетілді

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында кеше, 2022 жылғы 29 тамызда Орал қ.ПБ басшы құрамы мен ішкі істер органы ардагерлер кеңесі саналы еңбек жолы жас қызметкерлерге үлгі ардагер аға-апалар мен офицерлердің ата-аналарына құрмет көрсетті. 

IMG-20220830-WA0010

Жас қызметкерлердің алдында ардагерлерге, офицерлердің ата- аналарына медальдар мен кеуде белгілерін тақты.

Мерекелік жиында алғаш сөз алған Орал қ.ПБ ішкі істер органы ардагерлер кеңесінің төрайымы милиция майоры Клавдия Қуанышқалиева ардагерлер мен жас қызметкерлерді, офицерлердің шақырылған ата-аналарын мерекемен құттықтады.

IMG-20220830-WA0007

Одан әрі салтанатты жиын медальдар, кеуде белгілерін тапсыру рәсімімен жалғасты. Клавдия Саматқызы ұзақ жыл анықтау және тергеу бөлімдерінде татаусыз қызмет өткеріп, бұл күнде құрметті ардагер Тамара Хореваға кеуде белгісін ұсынып, Тамара Федоровнаның еңбек жолы туралы қысқаша баяндады. Халықпен тығыз қарым- қатынаста жұмыстанып, ұзақ жыл учаскелік полиция инспекторы лауазымын мінсіз атқарған, бүгінгі күннің сыйлы ардагері Марат Истлеуовке де кеуде белгісін тақты. Ардагерлер мереке қарсаңында құрмет көрсеткен басқарма басшылары мен ардагерлер кеңесіне алғыстарын айтып, жас буынға ақыл-кеңестерімен бөлісуге әркез дайын екендіктерін жеткізді.

IMG-20220830-WA0005

40 жыл отбасылық тату өмір сүріп, ұл-қыз тәрбиелеген, білім мен тәрбиені ұштастырған ұл-қыздары түрлі салада еңбекке араласқан, балалары ел игілігі жолында еңбек көрігін қыздырған Құспановтар отбасына да бұл күнгі құрмет пен қошемет ерекше болды. Орал қ.ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Мадина Құспанованың әкесі Құспанов Ерқуат Шапенұлына, анасы Құспанова Айгүл Жақсыгерейқызына "Полицейдің папасы", "Полицейдің анасы" кеуде белгілерін тақты. Басқарма басшылары мен ардагерлер кеңесінің жұдырықтай жұмылып, бүгінгідей керемет көңіл- күй сыйлап, дүйім жұрттың алдында қошемет көрсеткендеріне риза болған ата- аналары ризашылықтарын жасыра алмады. Өз ұлындай, өз қызындай боп, жауапкершілігі зор, жауапты салада уақытпен санаспай, ыссы-суығына төзіп қызмет атқарып жүрген жастардың еңбегіне толағай табыстар тіледі. Баласының қызметін бағалаған басшылыққа рахметтерін айтты.

IMG-20220830-WA0008

Салтанатты жиын соңында сөз алған қонақтардың барлығы да мерекелік тілектерін арнады.

БҚО ПД баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале