Бүгін Жаңақала аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай құрдастар арасында шағын футболдан аудан біріншілігі өтуде.
Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Дәурен Мерешов және спорт сүйер жанкүйер көрермендер қатысуда.
Қазақстан Республикасының көк Туы желбіреп, Әнұраны шырқалды.
Дүбірге толы додаға спортты жанына серік еткен мықтылардан құралған командалар бақтарын сынауда. Аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Нұрғалиқызы, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Дәурен Мерешов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Марат Азамат «Кикі мерген» әнін тарту етіп, жақсы көңіл күй сыйлады.
Қатысушы командалар жеребе суырып, жарысты бастап кетті.
Арайлым Мәлікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz