Көз жұмған азамат Харрис округінің тұрғыны болып шықты, ол бірқатар ілеспелі аурулардан зардап шеккен. Жергілікті денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хабарламасында айтылғандай, маймыл шешегі науқас өлімінің негізгі себебі болған-болмағаны әлі белгісіз. Патологиялық-анатомиялық сараптаманың нәтижелері кейінірек жарияланады.
АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын-алу федералды орталықтарының мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта елде маймыл шешегін жұқтырудың 18 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Ауруға шалдыққандар саны бойынша Калифорния және Нью-Йорк штаттары көш бастап тұр. Онда сәйкесінше 3 291 және 3 197 жағдай тіркелген. Техас штатында, соңғы мәліметтер бойынша, 1 604 адамнан маймыл шешегі анықталған.
Бұған дейін әлемде маймыл шешегі ауруына шалдыққандар саны 20 пайызға азайғаны хабарланған болатын.